KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Өскеменде 1 маусым күні балалаларға арналған бояулар фестивалі өтеді

25.05.2017, 18:00 247



Өскеменде 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнінде"Color Fest-2017" бояулар фестивалі өткізілмек.

Аталған шараның аясында қала тұрғындарына бір-біріне Холи бояуын(кейін оны сумен өшіруге болады) жағуға мүмкіндік берілді. Бояу жағудан бөлек мерекеде аниматорлар мен диджейлер өнер көрсетеді.

Фестиваль бағдарламасына сәйкес балалар мен ересектер үшін аквагрим, сондай-ақ би, күш салуға арналған аттракциондар және бүлдіршіндерге қолөнерді үйрететін шеберлік сыныптарының жәрмеңкесі қарастырылған.

"Color Fest-2017" бояулар фестивалі 1 маусым күні 11:00-ден 21:00-ге дейін "OrangePark" ойын-сауық орталығында өтеді. Барлық қатысамын деген адамдарға кіру тегін.

Гүлжан Естаева




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив