KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 6 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Аягөздегі Тұрлаулы ауылының мектебіне Газель көлігі сыйға тартылды

24.05.2017, 18:00 206


Аудан әкімі Бақытжан Байахметов Тарлаулы ауылдық округіндегі білім ошағына «Газель» автокөлігінің кілтін табыс етті.

Осы күнге дейін аталмыш елді мекендегі мектепке күнделікті барып-келіп оқитын Қопа, Ақши ауылдары мен Таңсық станциясының оқушылары үшін бұл ерекше тосын сый болды. Аудан әкімі Бақытжан Байахметовтың айтуынша, алдағы уақытта Аягөздегі білім беру саласына байланысты мәселелер біртіндеп шешімін табатын болады.

– Балалардың қуанышында шек жоқ. Бұған дейін аталмыш елді мекендердің арасында қатынау қиынға соғатын еді, - дейді Бақытжан Байахметов.

Жұмыс сапары барысында Тарлаулыдағы бірқатар нысанды аралап қайтқан аудан әкімі ондағы атқарылып жатқан шаруаларға оң бағасын берді.

Мирас Құмарғалиев




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив