Биылдан бастап Аягөзде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Инватакси» тегін қызмет көрсететін болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкованың айтуынша, қазір Өскемен мен Семей қалаларында мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін жеті инватакси бар.
– Ағымдағы жылы Аягөз ауданында «Инватакси» қызметі жұмысын бастайды. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі жандарға қай жерде болсын жүріп - тұру қиын. Сондықтан, біз қоғам болып мұндай адамдарға көмектесуіміз керек. Болашақта облысымыздың өзге аудандарының басшылығы да бұл істі қолға алады деп үміттенеміз, – дейді Елена Старенкова.