KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Бақытжан Сағынтаев Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында болды

15.03.2017, 18:00 140



Б. Сағынтаевқа нысан құрылысы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы баяндалды. Бұдан соң карьердің шолу алаңында ҚР Премьер-Министріне кен алу технологиясы жайлы әңгімеленді, ал сәл кейінірек сульфид кенін қайта өңдейтін байыту фабрикасында Премьер-Министрге кенді байыту технологиясы таныстырылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

2016 жылы Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан тотықтандырылған кеннен мыс өндіру бойынша Ақтоғай кешені жобалық қуаттылығына шығарылды. Биылғы жылдың соңына қарай катодты мыс өндірісі көлемін 20 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты KAZ Minerals Тобының жобасы болып табылады, ол Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында аттас кентке жақын орналасқан ашық түрдегі ірі кен орны. Әлемдегі игерілмеген ең ірі мыс кені орындарының қатарына кіреді. Бұл соңғы бес жылды алып қарағандағы ең ірі индустриалды құрылыс.

Еске салайық, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ел аймақтарына жұмыс сапарларын бастады. Премьердің жұмыс кестесіндегі алғашқы аймақ Шығыс Қазақстан облысы болды.

primeminister.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив