KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының құрылысына Қытайдан несие алынады

24.12.2012, 18:00 177


Аягөз ауданындағы Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының құрылысына Қытайдың Мемлекеттік даму банкінің 1,5 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі несие желісі тартылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ақтоғайдағы құрылыс жұмыстары келер жылдың бірінші жартыжылдығында басталуға тиіс. Өңірдің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобаның құрылысына үш мың жұмысшы тартылады.

Ал жоба іске қосылғанда 1500 жаңа жұмыс орны ашылады. Комбинатта тотықты кеннен мыс өндіру іс-шаралары 2015 жылы басталмақ. Сульфидті кенді өндірумен айналысатын фабриканың құрылысы 2016 жылдың басында аяқталып, алғашқы кен өңделе бастайды.

Ақтоғай кен орнындағы минералды ресурстар 1719 миллион тоннаны құрайды. Кен өндіру барысында қосарлы өнім ретінде молибденді кен де өндіріледі. Өндірісте әлемдік экономикадағы басым бағыттардың бірі болып табылатын кен шикізатын кешенді пайдалану технологиясы қолданылады.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив