KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

ШҚО-дағы жаңа кеніште алтынның қоры 226 тонна деген есеп бар

15.06.2016, 18:00 113




Аймақ басшысы Даниал Ахметов «Полиметалл» АҚ бас директоры Виталий Несиспен кездесті. Кездесуде компанияның Жарма ауданында атқарып жатқан жұмыстары, Қызыл кен орнын игеру жобасының жай-жапсары талқыланды.

«Полиметалл» АҚ Жарма ауданында Қызыл кенішін игеруді қолға алған. Биыл кеніш басында байыту фабрикасы салынбақ. Бұл кәсіпорын жылына 1,8 млн тонна кенді өңдейді деп күтілуде. Фабрика жанынан кеншілерге арнап вахталық кент те салынады. Ал кен қазу жұмыстары 2018 жылдың екінші жартысына жоспарланған. 2019 жылы фабрика толық қуатына еніп, жылына 11 тонна алтын концентратын өндіруі тиіс. Кәсіпорында барлығы 750 адам жұмыс істейтін болады. Мұндағы алтынның қоры 226 тонна деген есеп бар. Аршып алынған әр тонна кеннен 7,7 грамм алтын түседі деп болжанып отыр.

Кенішті әуелді ашық әдіспен игеру көзделген. «Полиметалл» АҚ бұл жерді игеруге өз тәжірибелеріне негізделген бірегей технология пайдаланбақшы. Бұл компания Ресейдегі ең үлкен күміс өндіруші кәсіпорын ретінде белгілі. Сондай-ақ, алтын өндірісінде де үздік үштікке кіреді.

Есімжан Нақтыбай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив