KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

"Жасыл ел" жасағының жастары 40 мың теңге жалақы алады

6.06.2016, 18:00 260



Жарма аудандық Жастар үйінде «Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмысының ашылу салтанаты өтті. Биылғы ауданда алғаш қолға алынған шараға аудан әкімі Нұрлан Сыдықов қатысып, құттықтау тілегін жеткізді.

– Елді мекендердің ажарын ашып, келбетін көркейте түсер «Жасыл ел» бағдарламасы жастарды жұмыспен қамтуға септігін тигізіп қана қоймай, жасыл аймақтар мен қоғамдық пайдаланудағы көшеттерді отырғызуға, елді мекендердегі дендро саябақтар құруға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа негізінен студенттер мен мектептің жоғары сынып оқушылары қатыса алады, – деп атап өткен аудан әкімі Н.Сыдықов алдағы еңбек күндеріне табыс тіледі.

Мамандардың айтуынша, биыл 150-ге жуық квота бөлінген. Соған сәйкес Шар қаласы, Жаңғызтөбе кенті, Қалбатау ауылында жұмыстар жүргізіледі.

«Жасыл ел» бағдарламасы арқылы еңбек ететін әрбір жастың жалақысы үшін облыстық қазынадан 17 мың 697 теңге, аудандық бюджеттен 22 мың 859 теңге қарастырылған. Нәтижесінде жастар орта есеппен 40 мың теңге көлемінде табыс табады.
Шара соңында барлық қатысушылар естелік суретке түсіп, орталық саябақтағы ағаш отырғызу рәсіміне бір кісідей атсалысты.

Серік Әбілхан




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив