KZ
Өскемен
+1°
снег жел 4 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

100 нақты қадам: Инвестиция мен трансұлттық компаниялар арқылы аграрлық сектордың зор мүмкіндіктерін ашу

28.01.2016, 18:00 89



«100 нақты қадам Ұлт жоспарын» іске асыру жолында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті және «ALTA GENETICS Inc.» (Канада), Халықаралық компаниясы «Ветеринария және мал шаруашылығының ғылыми - инновациалық орталығының» қолдауыменен Ұлт жоспары 100 нақты қадамның аграрлық секторға арналған сүт өнімдерімен айналысатын кәсіпорындарын дамуына үлес қосу мақсатында «Қазақстанның мал шаруашылығындағы актуалды мәселелері және оларды шешу жолдары» атты семинар өткізді. Жиынға «ALTA GENETICS Inc.» Канадалық компанияның мамандары : Лорин Грэмс (США), «Альта Дженетикс Инк.» и Мартен-Жан Хаскен (Голландия), «Aльта Дженетикс Инк.» сарапшылары та қатысты. Сонымен қатар, семинарға Республикалық Палатаның сүтті мал шаруашылығының директоры Елемесов К.Е. ,«Ветеринария және мал шаруашлығының ғылыми инновациялық орталығының» директоры Сагимбеав А.К,; Дистрибьютты орталықтың директоры «Alta Azia» Жакупов Б.М., облыс басқармасы ауыл шаруашылығының мамандары да ат салысты. Семинар барысында сүтті мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылығына маңызды келесідей сұрақтар қарастырылды:

- сүтті мал шаруашылығындағы селекциялық тұқымдық жұмысының маңызды мәселелері
- ауыл шаруашылығын қаражаттандыру мәселелері
- тұқымды ірі қараларды жасанды ұрықтандыруды
- ірі қараларда қандай ауру екенін білу, аурудың белгілері және оны емдеу әдіс мәселесі
- жемшөп базасы және толыққанды сүтті ірі қараларды азықтандыру

Семинар соңы, жасанды ұрықтандыру мамандарын дайындайтын орталықтың ашылуымен жалғасты. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Агротехнопарк» базасы аясында Ауыл шаруашылық малдарын жеделдетіп өсіру орталығы ашылды. Орталықта жасанды ұрықтандыру және буаздықты анақтауға,өндіруші өгіздердің ұрықтарын сақтауға және тасымалдауға арналған толыққанды заманауи құралдамен жабдықталған. Жасанды ұрықтандыруға жергілікті және шетелдік өндіруші өгіздердің ұрықтары қолданылады. Бұл орталықта әрбір шаруашылық өз мамандарының біліктілігін арттырып, селекциялық - тұқымдық жұмыстарын жүзеге асыра алады. Дәл осы мақсатта, семидардан кейін Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Аграрлық факультетінің профессорлары 1 апта аралығында ірі қараларды жасанды ұрықтандыру процессі бойынша практикалық және теориялық дайындық өткізеді.

Маржан Ыбырайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив