KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

Аударма ісі мен мемлекеттік тілде іс жүргізуге арналған семинар

27.01.2013, 18:00 163


Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Мемлекеттік тілді оқыту орталығы "Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған " мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қалалық мекеме, кәсіпорындардың қазақ тілі мұғалімдері, мемлекеттік тілді дамытушы мамандары, үйірме жетекшілері және аудармашылары үшін біліктілік жетілдіру мақсатында «Аударма ісі және мемлекеттік тілде іс жүргізу» семинарын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семинарды үлкен педагогикалық өтілі, ғылыми дәрежесі мен атағы бар оқытушылар, әдіскерлер және Ұлттық тестілеу орталығындағы ҚАЗТЕСТ жүйесін жетілдіру жұмыс тобының мүшесі жүргізді. Семинар барысында оқу кабинеттері, компьютер сыныптары, интернет-сынып, ғылымның түрлі салаларына арналған терминологиялық сөздіктер, қажетті ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен қамтылған үлкен кітап қоры бар кітапхана пайдаланылды.

Дөңгелек үстел жұмысында семинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, Семей қаласының диагностикалық-кеңес беру орталығының тіл маманы Л.Д.Қайырханова қатысушылардың атынан ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Шараның соңында семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. СМПИ мемлекеттік тілді оқыту орталығының меңгерушісі Роза Мәмбетбаеваның пікірінше, осындай оқыту семинарларын жиірек өткізіп тұру қажет.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив