1-тамыздан бастап Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде «Номад» немесе «Көшпенділер» атты халықаралық тележоба басталады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Жаңа реалити-шоу жобасын облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы іске асырмақшы. Жобада бақ сынайтын сегіз жұптың ішінде Оңтүстік Корея, Жапония, Моңғолия, Қытай, Түркия, Венгрия, және Ресей мемлекеттерінің өкілдері және қазақстандық жұп бар.
Қатысушылар ұлттық паркте табиғи жағдайда өмір сүріп, киіз үйлерде тұрады, көшіпқонады, көшпенділердің тұрмыс-салтын сезініп, өркениет атаулыдан алыстайды, қиындықтарға төтеп береді. Аталмыш тележоба еліміздегі орталық телеарналардан көрсетілетін болады.
Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz