KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Салмағы 7 келіге жуық бала дүниеге келді

15.06.2014, 18:00 187



Аягөз ауданы бала туу көрсеткіші бойынша Шығыс Қазақстан облысында көш бастап тұр. Аудандық аурухана акушері Маржан Есенбаеваның айтуынша, мұнда күніне 4-тен 9 балаға дейін дүниеге келеді екен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өткен аптада Аягөз қаласында салмағы 7 келіге жуық нәресте өмірге келді. Жас ана Жанар Амерханова ешқандай кесір тілігінсіз табиғи жағдайда босаныпты.

- Алғашқы болжам бойынша біз іштегі сәбиге 5300 гр салмақ бердік, іштегі шарананың тым үлкен болуы себебінен біраз қобалжыдық. Баланың салмағы 6 келі 500 грамнан асып түседі деп мүлдем ойламаппыз. Қазір ананың жағдайы жақсы, денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ, - дейді акушерлер.

Алып ұлдың анасы Жанар Амерханова осымен екінші батырды дүниеге әкеліпті, оның бірінші баласының салмағы 5 келіге таяу туылыпты.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив