KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Дарындарды даралайтын сайыс

27.03.2014, 18:00 113


Дәл қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Ең дарынды болашақ журналист» атты республикалық пәндік олимпиадасы өтуде, деп хабарлайды «Жас Журналист» үйірмесінің тілшілері.

Бесінші рет ұйымдастырылып отырған пәндік олимпиада қара шаңырақтың 80 жылдық тарихымен тұспа-тұс келуде. Талай жүйріктерді түлеткен қасиетті орда «QS-star» халықаралық рейтинг агенттігінің «Үш жұлдыз – Үздік сапа белгісі» номинациясымен марапатталған Орталық Азиядағы жалғыс университетке республикамыздағы 11 жоғарғы оқу орындарынан келген болашақ журналистер 2 кезең бойынша сайысқа түсуде. Бірінші кезеңде теориялық білімді тексеру мақсатында онлайн тест өткізілсе, екінші кезеңде үй тапсырмасы бойынша: «Ең үздік таныстыру», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік мақала» , «Ең үздік онлайн жазба» номинациялары бойынша әділқазылар алқасы саралайтын болады.

80-жылдық тарихы бар қасиетті қара шаңырақтың журналистика факультетінің деканы Өмірхан Әбдиманұлы мен журналистика факультеті деканының ғылым, инновация және халықаралық қатынастар жұмысы жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к., доцент Қарлыға Мысаева сайыскерлерге сәттілік тілеп, олимпиада шымылдығын ашты.

Олипиада қорынытындысы барлық кезеңдерден соң анықталады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив