KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Алматыда ең дарынды болашақ журналист анықталады

26.03.2015, 18:00 142



Дәл қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің ұйымдастыруымен «Ең дарынды болашақ журналист» атты пәндік олимпиада өтіп жатыр, деп хабарлайды «Жас жігер» тобының тілшілері.

Республикалық деңгейде өтіп жатқан аталмыш олимпиадаға еліміздің 12 жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда. Бірінші кезеңде теориялық білімді тексеру мақсатында электронды тест өткізілсе, екінші кезеңде «Ең үздік үнхабар», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік фото», «Ең үздік онлайн жазба» номинациялары бойынша әділқазылар алқасы саралайтын болады.

80 жылдан астам тарихы бар қасиетті қара шаңырақтың журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы мен журналистика факультеті деканының ғылым, инновация және халықаралық қатынастар жұмысы жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к., доцент Қарлыға Мысаева сайыскерлерге сәттілік тілеп, олимпиада шымылдығын ашты.

Енді олипиада қорытындысы барлық кезеңдерден соң анықталады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив