Абай ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыға салынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Аудандық ішкі істер бөлімінің ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел отырысында аудандық ардагерлер ұйымының мүшелері, учаскелік полиция инспекторлары, мұғалімдер мен дәрігерлер қауымы ой бөлісті.
Жиын барысында еліміздің «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, басқосуда аудан көлемінде құқық қорғау саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, болашақта қолға алынуы тиіс шаруалардың жоспары жасалды. Бұл орайда қатысушылар тарапынан түрлі ой-пікірлер айтылып, бірқатар ұсыныстар да жасалған-ды.