KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Тарбағатайда Майра Ілиясова атындағы саябақ ашылды

26.10.2013, 18:00 177


Тарбағатай ауданында осы өлкенің тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова атындағы саябақ ашылды. Бұл игілікті іс «Менің жеке ағашым» акциясының аясында жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ақсуат ауылының тұрғындары Екпін ауылына баратын күре жолдың бойына 2500 түп жас шыбық отырғызды. Енді Қарғыба ауылына баратын күре жолдың бойына көшеттер егіледі. Ал оларды күтіп-бағу шаруасы мектеп оқушыларының міндетіне алынған. Акция бастау алғалы жалпы саны екі мыңға жуық тұрғын қатысуда.

Осы шара аясында Аққала ауылындағы мектептің алдында осы елді мекеннің тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова атындағы саябақ ашылды.

Көгалдандыру жұмыстары келесі жылы көктем шыға қайта қолға алынып, жол бойларына гүлзар орналастыру жоспарлануда.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz тілшісі.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив