KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Заң керуені Зырянға бет алды

22.10.2013, 18:00 131


26-қазанда Шығыс Қазақстан облысы прокурорының қатысуымен Зырян ауданындағы елді мекендерде «Заң керуені» атты акция өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Аталған акция Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін нығайту мақсатында азаматтардың құқықтық мәдениетін жоғарылату, әр түрлі негіздермен өздерінің заңды құқықтарын іске асыру мүмкіншілігінен айырылған әлеуметтік топтарды анықтау, тұрғындарға тұрғылықты жерлерде жедел құқықтық көмек көрсету, прокуратураның жаңа түрде құқықтық қорғаушы ролін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған.

26-қазанда сағат 10-30-да Зырян ауданы әкімдігінің (Зырян қаласы, Советская көшесі, 20) акт залында облыс прокурорының Зырян ауданы тұрғындарымен кездесуі өткізіледі, аудандағы заңдылық пен құқықтық тәртіп төңірегіндегі мәселерлер көтеріледі, жазбаша арыз, шағымдар қабылданады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив