KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Азаматтар құқықтық сұрақтары бойынша қабылданады

4.06.2013, 18:00 219


2013 жылғы 6 маусым күні сағат 10.00 ден 11.00 ге дейін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Семей қалалық филиалында Республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы аясында азаматтарды құқықтық сұрақтары бойынша қабылдау өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі .

Шара аясында қалалық әділет басқармасы қызметкерлері, адвокаттар мен нотариустар тұрғындарға жан-жақты құқықтық көмек көрсетіп, заңнама нормаларына түсініктеме және кеңестер береді.

Мұндай акциялар халықтың заң сауаттылығын көтеруге және оларда қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша жауап алуға мүмкіндік береді.

Азаматтардың азаматтық санасын және жауапкершілігін көтеру үшін тұрғындар арасында консультативтік жұмыс жүргізу және кең көлемді құқықтық көмек көрсету, сонымен қатар, азаматтармен қандай да бір нысандағы кері байланыс орнату- акцияның негізгі мақсаты болып табылады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив