KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Жас маманға жұмыс көп

23.08.2012, 18:00 179


Зырян ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істеуге ниет білдірген 20-ға жуық маманға, ағымдағы жылы көтерме жәрдемақы мен несие түрінде қолдау көрсетіледі.

Несие мен көтерме жәрдемақыны қаржыландыру жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап іске асырылады. Зырян ауданы ауылда еңбектенуге ниет білдірген жастарға анық ақпарат ұсынуға дайын. Ауданның ауылдық елді мекендеріне тұруға және жұмыс істеуге келген әлеуметтік сала мамандарына әлеу-меттік қолдау көрсету шараларын іске асыру туралы қажетті ақпаратты Зырян қаласы, Совет көшесі, 38, №6 кабинет мекенжайы бойынша Зырян ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінен алуға болады. Зырян ауданында жұмыс істеуге ниеттенген талапты жастар үшін бүгінде барлық жағдай жасалған.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив