KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Мектеп директоры - 11 сынып оқушысы

22.10.2013, 18:00 168


Курчатов қаласындағы №3 мектепте өзін-өзі басқару күні өтті. Мұғалімдер оқушылармен орын ауыстырып, балаларға педагог қызметінің қиыншылықтарын сезініп көру мүмкіндігін берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аяқ астынан қолдары жеткен қызметке оқушылар барлық жауапкершілікпен кірісті. Әр мұғалімнің, мектеп директоры мен оқу ісі жөніндегі меңгерушінің алдын ала дайындалған алмастырушылары болды. Мысалы, мектеп директорына 11 «А» сыныбының оқушысы Кристина Моргунова лайық деп танылған болатын.

Өзін-өзі басқару күні барлық оқушыларға ұнады. Қорытындысын шығарар кезде жоғары сынып оқушылары мұғалім мамандығының қызықты да күрделі екенін мойындады. Олар шаршағандарына қарамастан, атқарған жұмыстарына көңілдері толды.

Мектеп қабырғасында өткен ерекше күн жоғары сынып оқушыларының әзірлеген концертімен аяқталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив