KZ
Өскемен
+1°
интенсивная ледяная крупа жел 3 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Рухани келісім күніне арналды

17.10.2013, 18:00 277


Достық үйінде Семей қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Даналық» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен рухани келісім күніне орай дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жиынға түрлі діни бірлестік, этномәдени орталық, азаматтық қоғам институттары және ғылыми интеллигенция өкілдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттау болды.

Рухани келісім күніне арналдыДөңгелек үстел барысында дінаралық қатынастар мен рухани келісімді нығайту, жергілікті атқарушы, құқыққорғау органдары, азаматтық қоғам институттары, ҮЕҰ мен БАҚ қызметін үйлестірудің өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар жас ұрпақты тәрбиелеу, діни экстремизммен күрес мәселелерін де көтерді.

Жиналған қауым өсіп келе жатқан жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру жеке мемлекеттік мекемелердің ғана емес, тұтас қоғамның ісі екенін айтты.

Дөңгелек үстел қатысушылары дінаралық келісімді сақтау саласындағы ынтымақтастық бойынша ұсыныстар енгізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив