Күршім ауданында 25-қыркүйекте суға батып кеткен екі балықшының біреуінің денесі табылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз мәліметіне сілтеме жасап.
Ақпаратта көрсетілгендей, Аманат ауылының 1957 жылы және 1961 жылы туған екі тұрғыны 25-қыркүйекте Зайсан көлінен балық аулауға кеткеннен оралмаған. Құтқарушылар суға батып кетуі мүмкін деген болжаммен сол кезден бастап іздеу жұмыстарын бастаған болатын.
Соның нәтижесінде балықшылардың біреуінің мүрдесі екі тапта өткен соң, 10-қазанда жағалаудан 1,5 шақырым қашықтықтан табылып, жағаға көтерілді. Екінші адам әлі іздестірілуде.