KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Әкімнің қадағалауынсыз бітпейтін тағы бір құрылыс

8.10.2013, 18:00 132


Ұлан ауданы Алғабас ауылында салынып жатқан 80 орындық мектептің құрылысы ШҚ облысы әкімінің тікелей бақылауына алынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Өйткені білім ордасының құрылысы мерзімінен кешігіп жатыр. «Жаңа аймақ LTD» ЖШС-нің құрылыс басындағы өкілдері нысанды тапсыру мерзімі 15- қараша деп отыр. Алайда, бұған да күмән бар.

Себебі, құрылыс басындағылар осында арнайы бас сұққан Бердібек Сапарбаевқа спортзалдың киім ауыстыру, жуыну бөлмелерінің қайда орналасқанын да көрсетіп бере алмады. Нысан басында небәрі он шақты ғана жұмысшы жүр.

Қазіргі кезде ауылдағы ескі мектептің мұғалімдері асарға шығып, құрылысшыларға көмекке келіпті.

Бұл нысанның құрылысы да облыс әкімінің тікелей қадағалауына алынды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив