KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

7-қыркүйекте отбасы күні мерекесі тойланады

4.09.2013, 18:00 191


Үстіміздегі жылы Қазақстанда тұңғыш рет отбасы күні мерекесі тойланады. Осыған орай 7-қыркүйекте Өскемен қаласында мерекелік шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы күні көп бала тәрбиелеп өсірген аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» салтанатты түрде табыс етіледі.

Өскемендік Нағима Сатыбалдина «Алтын алқаның» үміткері, 10 баладан 26 немере мен 16 шөбере сүйіп отырған бақытты аналардың бірі. Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, университеттің мақтанышы, қажырлы еңбегі үшін министрліктің грамотасымен марапатталған. «Жүректегі жазулар» атты кітаптың авторы.

Облыс орталығының тағы бір тұрғыны – Бақыт Сейілханова 6 бала тәрбиелеп өсіріп, олардан тараған 13 немересінің қызығын көріп отырған әже. Бақыт әже «Күміс алқадан» үміткер.

Нағима мен Бақыт әжелердің барлық балалары жоғары білімді, әр салада жемісті қызмет атқарып жүр. Осындай аналарымыздың өмірі жастарға үлгі-өнеге болуға әбден лайық.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив