KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Бұрын Семей полигоны болған аумақтың 5500 шаршы шақырым жері пайдалануға жарамды

27.08.2013, 18:00 118


Бұрын Семей полигоны болған аумақтың 5500 шаршы шақырым жері пайдалануға жарамды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

24 kz телеарнасының хабарлауынша, қалған 1,5 миллион шаршы шақырым жер әлі зерттелу үстінде.

Бұл туралы «ҚР Ұлттық ядролық орталық» РМҚ бұрынғы бас директоры Қайрат Қадыржан мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған зерттеу 2020 жылы аяқталады. Яғни, қауіпсіз немесе жарамды жерлер қолдануға беріледі, ал қауіпті деп танылған аймақтар қоршауға алынбақ.

"Зерттеуші мамандар Семей полигоны даласының басым бөлігі қауіпсіз деген шешім шығарып отыр. Бірақ бәрін тыңғылықты зерттеу керек. Қорытынды шешім кейін шығарылады. Сонымен қатар аталған орындарды жарамды қылу мақсатындағы шаралар да атқарылуда", деді ҚР Ұлттық ядролық орталықтың бұрынғы бас директоры Қайрат Қадыржан.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив