KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Зырянда аркалы кешендер құрастыратын цех пайдалануға беріледі

19.08.2013, 18:00 132


Зырян қаласында тіреуді қажет етпейтін, жиналмалы, аркалы кешендер құрастыратын цех пайдалануға беріледі. Бұл жобаны «SL Compani» ЖШС қолға алып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

30 млн. теңгелік бұл жоба Индустрияландыру картасына енбей қалса да, облыс басшылығы тарапынан үлкен қолдау көріп отыр. Аркалы кешендер жасалатын қаңылтыр Павлодардан әкелінуде. Цехтың құрастыру жылдамдығы – тәулігіне 100 шаршы метр. Техникалық қызмет көрсету стансасы, көлік жуу орындары, цех, қойма, гараж, қора ретінде пайдалануға жарамды кешендер 9 баллдық жер сілкінісіне, сағатына 200 шақырым жылдамдықпен соққан желге, 50 градус аязға, 50 градус ыстыққа дейін төтеп бере алады.

Сондай-ақ, бір шаршы метріне 220 келі қар түскенге дейін сыр бермейтін аңғарды жылытып, спорттық нысан ретінде де пайдалануға болады. Аркалы құрылыстың бір шаршы метрі 15 мың теңгеге бағаланып отыр. Жылытылған жағдайда, бағасы 10-15 пайызға қымбаттамақ.

Мәселен, бір көлікке арналған дайын гараждың құны шамамен 630 мың теңгеге шығады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив