KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Семей сынақ полигоны туралы ақиқатты жазғандарға көрсетілген марапат

24.12.2012, 18:00 138


Ел Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай Семей қаласындағы Достық үйінде Ұлттық ядролық орталықтың ұйымдастыруымен «Семей сынақ полигоны туралы ақиқатты жазу» тақырыбы бойынша жарияланған байқаудың жылдық қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ядролық орталық директорының орынбасары С.Березин, қалалық Достық үйінің директоры Ш.Балғозина, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Солтүстік-Шығыс өңірлері бойынша вице-президенті О.Шәріпбаев, белгілі кәсіпкер С.Шәйжүнісов сынды белгілі адамдар қатысқан жиынды аталмыш шараны ұйымдастыруға ұйытқы болып жүрген «Семей-Невада» қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоев ашып, байқауға қатысқан журналистердің Семей сынақ алаңы туралы терең де, мазмұнды жазылған материалдарына жан-жақты тоқталды.

– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Семей сынақ полигоны жабылысымен, 1992 жылы Курчатов қаласында Ұлттық ядролық орталық құру жөніндегі Жарлыққа қол қойғанын білесіздер. Сол кезеңнен бері орталықтың бас директоры, академик Қ.Қадыржанов басқарған ғалымдар баға жетпес, қыруар іс тындырып келеді. Ал сол ғалымдардың зерттеу еңбектерін біздің аймақтағы баспасөз және телерадио қызметкерлері жан-жақты жазып, халыққа жеткізуде орасан зор еңбек етті, – деді ол.

Жиын соңында төрешілер алқасының шешімі бойынша байқауға қатысқан 20-ға тарта БАҚ өкілдері арасынан белгілі журналист Дәулет Сейсенұлы бірінші орын, Төкен Байжұманов екінші орын, ал өскемендік ардагер-журналист Мәуітқазы Зүкенов жүлделі үшінші орын иегері атанып, арнайы дипломмен және «Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына – 20 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды. Жеңімпаздарға сонымен қатар бағалы сыйлықтар да табыс етілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив