Облыстық әкімдікте шығысқазақстандық астық өндірушілер аймақ фермерлерінің республикалық біртұтас астық холдингіне кіру мәселесі турасында кеңес өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Кеңесте негізгі баяндама жасаған «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ басқармасы бастығының орынбасары Айдар Шәкен жиналғандарды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы негізінде құрылғалы отырған республикалық астық холдингі тұжырымдамасымен жан-жақты таныстырып шықты.
Холдингті «Қазақстан фермерлер одағы» ААҚ мен «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ бірлесе әрекет ету келісімі үлгісінде құрған. Осыдан былай астықты сатып алу бағасы мен оның сатып алу көлемін тек астық холдингі анықтап, бекітеді. Азық-түлік корпорациясы астықты сатып алып, оны тиімді бағамен сатып, одан түскен қосымша табысты холдингке кірген астық өндірушілерге бөліп беруге міндетті. Өйткені, астық сақтайтын, кептіретін арнайы орындары жоқ шағын немесе орта шаруа қожалықтары күзде алынған өнімді мардымсыз ақшаға сатуға мәжбүр болып келеді.
Көктемде астық бағасы өсіп, қымбаттағанда мұндай шаруашылықтарға оның еш-қандай септігі де тимейді. Енді азық-түлік корпорациясы күзде фермерлерден астықты сатып алып, көктемде одан әлдеқайда жоғары бағамен сатып, экпортқа шығарып, фермерлерге қосымша табыс түсіреді.
ігі фермерлер дауысынан тұратын арнайы құрылған біртұтас астық холдингінің қоғам-
дық кеңесі бақылау жасайды.
Астық холдингінің мүшелері азық-түлік корпорациясының қаржылық ресурстарын пайдалануда, астықты сатып алу кепілдемесінде үлкен басымдыққа ие болады. Сонымен бірге, астық холдингінің қорғауындағы шаруалардың өздеріне деген сенімдері де артпақ. Холдингке кіру, одан шығу – әркімнің өз еркінде, әрі тегін. Бұл жұмыстармен шұғылдану жергілікті аудандарда өкілдіктері бар Казагромарке-
тингке тапсырылып отыр.
Астық холдингі туралы ақпаратты «Қазақстан фермерлері одағы» ААҚ вице-президенті Ақжол Абдуқалымов толықтырды. Ол астық холдингі ең алдымен, «орташаны» қолдауға арналып отырғанын атап айтты. Холдинг Канаданың тәжірибесін негізге ала отырып құрылыпты. Бұл елде өсірілген бидайдың тағдырын өткен ғасырдың ортасынан бастап бидайды әлемнің 70 еліне экспорттап келген бидай комитеті шешкен. Бидай комитетіне астығын тапсырған фермер оның құнының 75 пайызын астықты тапсырған соң 48 сағаттың ішінде қолына тигізсе, қалған бөлігін кейін қосымша түскен табыс есебінен алған. Біздің азық-түлік корпорациясы да фермерлердің астығын аса қолайлы астық нарығы жағдайы туған уақытқа дейін сақтап, сатуға міндеттеме алып отыр. Осылайша, біздің «орташалар» үлкен пайда тауып, тікелей экспорттық деңгейге шығуға мүмкіндік алады.
Алғашқы құрылған жылы біртұтас астық холдингі шамамен үш миллион тонна астық сатып алуды жоспарлап отыр.
Кеңесте шығысқазақстандық астық өндірушілер тарапынан қойылған сауалдар аз болған жоқ. Биыл өңірдегі астық алқаптарының ылғалдылығы өте жоғары болып тұр. Астықтың көпшілігі төртінші сұрыпты болатыны қазірдің өзінде белгілі. Мұндай астық астық холдингіне сатуға жата ма? Егер қолдарындағы бидайдың көбі осы сұрыптағы бидай болып отырған шаруалардың астығы қабылданбайтын болса, онда холдинг басқа қандай көмек көрсетпек? Осы маңызды сұрақ азық-түлік корпорациясы өкілдеріне қойылды.
Талқылауды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Владимир Кошелев мәселенің түп төркіні – астық өндірушінің қосымша табыс түсіріп, барынша мол дивиденд алуында болып отырғанын жеткізді. Шығысқазақстандықтар холдингтің қоғамдық кеңесіне өздерінің өкілдерін кіргізуді ұсынды.