KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 2 м/с, З
491.71 529.97 5.05

Өскеменде белгілі металлургті соңғы сапарға шығарып салды

21.08.2013, 18:00 226


"Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ президенті, Қазақстанның Еңбек Ері Бағдат Мұхаметұлы Шаяхметовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі ТМК мәдениет үйінде өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Еліміздің танымал металлургін ақтық сапарға шығарып салуға байланысты қаралы жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, сонымен қатар, облыстық және қалалық ведомстволардың басшылары, марқұмның туған-туыстары, жолдастары мен әріптестері қатысты.

Қаралы митингте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Бағдат Шаяхметовтің туған-туыстарына жолдаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді. Жолданған жеделхатта Бағдат Мұхаметұлы Өскемен титан-магний комбинатында жарты ғасырға жуық еңбек етіп, қатардағы жұмысшыдан мекеменің басшысына дейін өскені атап көрсетілген. «Бағдат Шаяхметовтің Қазақстанның тәуелсіздігін нығай-тудағы және еліміздің өндірістік әлеуетін арттырудағы еңбегі жоғары мемлекеттік марапаттармен атап өтілген», – делінген жеделхатта.
– Біз, шығысқазақстандықтар, экономикалық-қаржылық қиындықтарға қарамай титан-магний комбинатын аман сақтап қалғаны үшін марқұм Бағдат Шаяхметовқа қарыздармыз. Қазір бұл кәсіпорында үш мыңға жуық адам еңбек етеді. Біз Бағдат Мұхаметұлының Согра кентінің тұрғындары үшін қандай жақсылықтар жасағанын жақсы білеміз. Іскер басшының ықпалымен мұндағы көптеген әлеуметтік нысандар талан-таражға түсіп кетпей, бүтін қалпында сақталды. Мәдениет үйлері, ауруханалар, спорт ғимараттары пайдаланылуға беріліп, қазір медициналық орталық салынып жатыр. Біз ер есімін мәңгі есте қалдыруымыз керек. Оның есіміне көшенің аты беріліп, ескерткіш тұрғызылатын болады, – деді аймақ басшысы өзінің сөйлеген сөзінде.

Министр Әсет Исекешов те өзінің көңіл айту лебізін білдірді.

– Біз соңғы сапарға металлургия саласының ең бір іскер азаматын шығарып салып тұрмыз. Бұл –тек Бағдат Мұхаметұлының туған-туыстары мен өскемендіктер үшін ғана емес, күллі қазақ елі үшін орын толмас орасан қайғы. Ол өз ісінің жоғарғы деңгейлі кәсіби шебері, туа бітті инженер және тәжірибелі жетекші болатын. Тау тұлғаның еліміздің экономикасы мен өндіріс саласына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Мен ол кісіден көп нәрсені үйрендім. Бағдат ағамыз өте сыпайы, мәдениетті, үлгі тұтар зиялы адам еді. Енді Бағдат Мұхаметұлы бағындырып кеткен комбинат биігін кейінгі ұжым төмендетпес деп ойлаймын. Оның металлургия саласындағы жоспарлары мен жобалары іске асып, кейінгі буын оның көтерген туын тек биіктерде желбірететініне сенімдімін, – деді ол.

«ТМК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Геллер де әріптесі туралы жарқын естеліктерін жеткізді. Оның айтуынша, Бағдат Шаяхметов шетелдерде өткен көрмелерде, әлем-дік деңгейдегі беделді металлургтер-дің арасында кәсіпорын өнімін жай ға-на магний деп атамай, «Қазақ магнийі» деген ұғымды енгізген, қазақ ұлтын өзгелерге танытуға көп күш салған.

Митинг барысында Бағдат Мұхаметұлының өмір жолы туралы басқа да көптеген жүрекжарды сөздер
айтылды.

Дарын Нұрсапаров

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив