KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Үлкен Нарын және «Сұңқар» балалар лагеріне дейінгі жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

20.08.2013, 18:00 169


Шекаралы Катонқарағай және Күршім аудандары арасындағы жолдың күрделі жөндеу жұмыстарын «Катонқарағай өндірістік жол учаскесі» ЖШС жүргізіп жатыр. Жол жөндеу учаскесінің бастығы Болат Қажаевтың айтуы бойынша, Күршім бағытындағы, Үлкен Нарын және «Сұңқар» балалар лагеріне дейінгі 23 шақырым жолды күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 659 миллион теңге қаражат бөлінген, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Жол жөндеушілерге ЖШС-нің басшылығы барлық тұрмыстық жағдайды қарастырған. 4 мезгіл тегін тамақ беріледі, жалақы – тұрақты. Жаңадан салынып жатқан 23 шақырым жолдың тиісті жерлеріне ағын су өтетін арнайы 27 бетон көпір қойылыпты.

Мұндай суағарлар қар еріген, жаңбырлы уақыттарда су көлкімеу үшін орнатылды.

– Биылғы жылы бөлінген қаражатқа сәйкес, аталған автомобиль жолының 23 шақырымының тек 3 шақырымына ғана асфальт төселеді. Біз бүкіл жол құрылысы жұмыстарын барлық технологиялық талаптарды сақтай отырып, қолайлы уақытта орындаймыз, – деді учаске басшысы Болат Қажаев.

Сонымен қатар, құрылысшылардың айтуы бойынша келесі жылы Нарын және Балғын өзендері үстіндегі бетон көпірлері жөнделмек.

Тұрсынхан Базарбаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив