KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 3 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Статистика қанша және қандай азық-түлік тұтынатынымызды есептеп шығарыпты

3.10.2017, 03:31 234

Статистикалық деректер 2017 жылғы екінші тоқсанда тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындар сатып алуға бір (орташа статистикалық) шығысқазақстандықтың 64 693 теңге шығындағанын көрсетіп отыр.

Шығысқазақстандықтың тоқсандық рационына 69,4 кг сүт өнімдері, 35,5 кг нан және жарма өнімдері, 19,8 кг ет және ет өнімдері, 2,9 кг балық және теңіз өнімдері кірген. Сонымен қатар, бірінші тоқсанда облыс тұрғынының жан басы 5,5 кг май мен тоңмай, 10,7 кг қант, тәттілер мен кондитерлік өнімдер, 51 жұмыртқа тұтынған. Орташа алғанда тоқсан ішінде бір адам тұтынған жеміс 9,5 кг-ды, көкөніс дақылдары (картопты қоспағанда) 19 кг-ды, картоп 11,4 кг-ды құраған.


Картоп демекші, бұл күндері дала төсінде қызу жүріп жатқан күзгі жиын-терін науқаны аяқталуға жақындап қалды. Дәнді дақыл түсімі былтырғыдан төменірек болып, орта есеппен гектарынан 13,1 центнерден айналып жатса, екінші нанымыз – картоптың шығымы гектарынан 213 центнерден (былтыр 201 ц) асып, көңіл көншітіп отыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив