KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Үржарда өткен турнирге белгілі спорт саңлықтары жиналды

18.08.2013, 18:00 99


Үржар ауылында былтыр пайдалануға берілген спорт модулінде грек-рим күресінен жерлесіміз, Қазақстан Республикасының спорт қайраткері, елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы Марат Қапсалықовты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Онда 1997-1999 және 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер күш сынасты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бірден айта кету керек, еліміздің әр түкпірінен балуандар бас құраған бұл сайыстың ұйымдастырылуы, қатысушылардың бабы, шеберлік деңгейлері өте жоғары болды. Оның үстіне турнирге Мәскеу Олимпиадасының чемпионы, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров, Спорт және денешынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов, спорт қайраткерлері Дулат Тұрлыханов, Марат Сүлейменов, Рысбек Нұрғазин, Қанат Сүлейменовтердің құрметті қонақ ретінде қатысып, белдесулерді тамашалап отыруы жарыс мәртебесін арттыра түсті. Барқытбел баурайында байрағын желбіреткен додада Алматы, Семей, Степногорск, Талдықорған, Шымкент, Ақтау, Өскемен қалаларынан, Аягөз, Жарма, Көкпекті және Үржар аудандарынан жиыны жүз елуден аса жасөспірім балуандар бақ сынасты.

Екі күнге созылған турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды Үржар ауданының командасы жеңіп алса, одан кейінгі екінші орынды Талдықорған балуандары иеленді. Ал жүлделі үштікті семейлік спортшылар қанағат тұтты.

Берікхан Тайжігіт

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив