KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 6 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Алтыннан алқа таққан шығысқазақстандық полицейді генерал-майор құттықтады

14.08.2013, 18:00 248


Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің бастығы, генерал-майор Рашид Жакупов Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында 1-10 тамыз аралығында өткен полицейлер мен өрт сөндірушілердің XV бүкіләлемдік ойындарында алтыннан алқа таққан «Арлан» арнайы бөлімінің қызметкері, полицияның аға лейтенанты Асхат Елубаевтыжеке құттықтап, бағалы сыйлық тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық командада Астана, Алматы, Шымкент және Өскемен қалаларынан 5 спортшы-полицей болды. Таңдаулы полицейлер көптеген жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары болған.

Алтыннан алқа таққан шығысқазақстандық полицейді генерал-майор құттықтадыПолицейлер мен өрт сөндірушілердің Бүкіләлемдік ойындарына 67 елден 20 мыңнан астам спортшы қатысты. Олардың ішінде құқыққорғау орындарының 10 000 қызметкері болды. Саңлақ спортшылар 10 күн бойы спорттың 56 түрінен бақтарын сынаған еді. Осы жарыстарда Асхат Елубаев Қазақстан құрамасына алғашқы алтынды алып берді. Бүкіләлемдік ойындардың қорытындысында Қазақстанның құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 2 қола медальды қанжығаларына байлап қайтты.

Асхат Ұлан ауданының тумасы. Самбо, дзюдо, қазақша күрестен Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы. Ішкі істер органдарында 2011 жылдан бері қызмет істейді. Жолдасы екеуі бір қыз тәрбиелеп отыр.

Асхат Елубаев Департаменттің басшылығына көрсетілген моральдік және қаржылық көмек үшін алғысын білдірді. Ол алдағы уақытта осы белестермен шектеліп қалмай, жаңа биіктерден көрінетініне сендірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив