KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2,5 м/с, ОШ
464.72 496.32 5.4

Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің XV Бүкіләлемдік ойындарында жерлесіміз алтыннан алқа тақты

12.08.2013, 18:00 83


Солтүстік Ирландияда өткен полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің XV Бүкіләлемдік ойындарында дзюдо спортынан біздің облыстың балуаны Асхат Елубаев алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД «Арлан» арнайы бөлімінің 25 жастағы инспекторы 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен болатын. Ұзаққа созылған белдесудің нәтижесінде қазақ балуанының басымдығы байқалды. Асхаттың бұл жеңісі отандық дзюдошылардың жүлде қоржынын басты олжамен толықтырып қана қоймай командаластарына рух берді.

Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің XV Бүкіләлемдік ойындары Белфаст қаласында өтіп, дүбірлі додада 70 мемлекеттен 20 мыңнан астам спортшы бақ сынасты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив