KZ
Өскемен
+33°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Араб елінде алтыннан алқа тақты

23.12.2017, 10:01 198

Шығысқазақстандық спортшы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ІІІ-ші азиялық паралимпиадалық ойындарда пара жүзуден жүлдегерлер қатарынан көріне білді.


Аталмыш додаға 15 елден мыңнан астам спортшы қатысты. Айта кетейік, жарысқа ел құрамасының сапында облысымыздан Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының мүшесі Нұрәли Советқанов қана қатысқан болатын. Жас суда жүзуші жарыстың алғашқы күнінде 200 метр қашықтыққа кешенді жүзуден алтын медальға қол жеткізді.


Жарыстың келесі күні де Нұрәли үшін сәтті болды. 100 метрге брасс әдісімен жүзген жерлесіміз мәреге бірінші болып жетті. Артынша дәл сол 100 метрге кроль әдісімен жүзген шығысқазақстандық спортшы күміс медаль еншіледі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив