KZ
Өскемен
+1°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Өскемен қаласында қыркүйек айында «Қазақстан Алтайы»: өзгешелікті іздеуге арналған саяхат»атты облыстық фестиваль өтеді

12.08.2013, 18:00 145


Өскемен қаласында қыркүйек айында «Қазақстан Алтайы»: өзгешелікті іздеуге арналған саяхат»атты облыстық фестиваль өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылар оны туризм саласының қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыруға арналған курс ретінде өткізуді жоспарлап отыр. Онда туристік нысандар өзара тәжірибе алмасып, нысандардың туристік тартымдылығының көрмесін ұсынуға мүмкіндік алады.

Шара барысында Шығыс Қазақстанның туристік кластерін қалыптастыруға ықпал етуші бәсекеге қабілетті туристік өнімдер, идеялар мен жобалар іздестіріледі.

Фестиваль туризмнің әр қилы түрлерін дамытумен шұғылданып, осы жеткендерімен тоқтап қалғысы келмейтіндерге арналған. Бұл іс-шараға қатысуға турнысандар мен туристік инфрақұрылым өкілдері, инвесторлар, мемлекеттік қолдау ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, қолөнершілер, суретшілер, жарнама агенттіктері, журналистер мен басқа да бастамашыл және креативті тұлғалар шақырылады.

Фестиваль Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар баскармасының тапсырмасымен өткізілмек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив