KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, СБ
467.29 501.03 5.35

Қазақстан мен Ресейдің шекаралық аймақтарында 100-ден астам туристік маршрут ашылады

9.11.2018, 10:19 147

Бүгін Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путиннің қатысуымен шараның пленарлық отырыс өтіп, онда екі елдің туризм салаларын дамыту мәселелері талқыланды, жеп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Форум аясында Қазақстан мен Ресейдің ведомство өкілдері мен аймақ басшылары өңірлердегі туристік саланың әлеуеті жөнінде таныстырылымдар өткізді. Бұдан кейін мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтар бойынша Қазақстан мен Ресейдің шекаралық аймақтарындағы туризм саласын дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды. Сол сияқты екі елдің мемлекеттік органдары, туристік ұйымдары мен бизнесмендері арасында 80-ге жуық түрлі меморандум жасалды. Айта кетейік, тараптар Қазақстан мен Ресейдің шекаралық аймақтарында 100-ден астам жаңа туристік маршрут ашу жөнінде келісімге қол жеткізді.

Солтүстік Қазақстан облысының орталығына сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин форум қарсаңында ашылған «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа жолдары мен тенденциялары» атты көрмені тамашалады.


Аталмыш көрмеге еліміздің барлық облысынан және Ресейдің 11 өңірінен келген ұлттық компаниялар туристік ұйымдардың өкілдері қатысқанын айта кету керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив