KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 1,1 м/с, ОБ
452.92 484.99 5.12

ШҚО мен Алтай өлкесі туризм саласында әріптес болады

8.11.2018, 13:00 211

Петропавлда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумында облыстық туристік ақпарат орталығы мен Ресейдің Алтай өлкесі туристік орталығы арасында әріптестік жөніндегі келісімшарт жасалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аталмыш құжатқа Шығыс Қазақстан облысы тарапынан туристік ақпарат орталығының директоры Сымбат Рамазанов қол қойды. Маманның айтуынша, бұл құжат көршілес өңірлердің туристік орталықтарына өзара тәжірибе алмасып, жаңа туристік маршруттар ашуда бірлесе жұмыс жүргізуіне көмектеседі.


– Енді ресейлік мамандармен аймақтық туристік-рекреациялық ресурстар жөнінде ақпарат алмасатын боламыз. Ондағы мақсатымыз – ресейліктерге Шығыс Қазақстанның туристік жерлері туралы толыққанды ақпарат беру. Бұл өз кезегінде облысымзға келетін туристер санын арттыруы тиіс. Болашақта әріптестерімізбен Шығыс Қазақстан мен Алтай өлкесінде жаңа туристік маршруттар ашу бағытында да жұмыс жүргізбекпіз, – дейді С.Рамазанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив