KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Аймақтық туризмнің дамуына арналған бейнекруиз Семейде өтті

10.03.2014, 18:00 234



Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семей мемлекеттік медициналық университетінің студенттерімен бірге «Аймақтық туризмнің дамуы» тақырыбында бейнекруиз өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шара барысында қатысушыларға өңіріміздегі туризмнің дамуы туралы ақпараттар берілді. Қатысушылар назарына «Шығыс Қазақстан облысы бойынша туристік саяхаттар» слайды, «Катонқарағай ұлттық саябағы» тақырыбында бейнефильм ұсынылды. Көпшілік тарапынан «Шығыс Қазақстан облысы бойынша туристік саяхат» кітап көрмесіне аса қызығушылық байқалды.

Тақырыпқа орай викториналық сұрақтар қойылып, студенттер белсене жауап берді. Көрмеге 27 кітап қойылды.
Айта кетейік, ағымдағы жыл ТМД елдері бойынша туризм жылы болып жарияланған-ды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив