KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Бірқатар салаларға облыстық бюджеттен қосымша қаржы бөлінді

11.08.2013, 18:00 213


«Он-лайн» режимінде өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХІІІ сессиясында «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды. Сессияның жұмысына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Елена Ясинскаяның айтуынша, 2013 жылға арналған облыстық бюджеттің параметрлерін нақтылауға негізгі басым бағыттарға арналған шығыстарды, меншікті кірістерді қайта бөлу себеп болды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсынысы негізінде қаржыны тиімді пайдалану мақсатын көздеген ағымдағы бюджет қаржысын қайта бөлудің жалпы сомасы 375,5 млн. теңгені құраған.
Е.Ясинскаяның келтірген деректеріне сүйенсек, тиісті қаржылар көлемі облыстық денсаулық сақтау, таби-
ғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, туризм, денешынықтыру және спорт, мәдениет, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларына бағытталған.

Даму бюджеті бойынша қайта бөлінген шығыстар көлемі 1359,1 млн. теңгені құраған.

Сессияда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық бюджеттің қаржысын тиімді пайдалану мақсатындағы өзгерістер мен толықтыруларға білдірген қолдауы үшін облыстық мәслихаттың депутаттарына, сонымен қатар, 7-8 тамыз күндері еліміз бойынша өткен ауылдық әкімдер сайлауында көрсеткен қолдаулары үшін қалалық және аудандық
мәслихаттардың депутаттарына ризашылығын білдірді. Өңір басшысының айтуынша, жаңадан сайланған ауылдық округтердің әкімдері осы айдың жиырмасында облыс орталығында бас қосады.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив