KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Құрылғанына 15 жыл толған серіктестік

23.06.2013, 18:00 151


Глубокое ауданындағы Людмила Цыбенко басқаратын «Семена масличных» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылғанына 15 жыл толып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ол кәсіпкерлік жолын 1997 жылы Тарханка ауылында наубайхана, дүкен ашып бастаған. Содан кейін жер алып, өсімдік шаруашылығымен айналысуға бел буды. Шаруаны 36 гектардан бастаса, бүгінгі күні үш мың гектарға таяу егіндік алқапты игеріп пайдалануда. Былтыр дәнді дақылдар алқабының әр гектарынан 28,5 центнерге дейін өнім алып, облыста алдыңғы орынға шықты.

Бұл серіктестік дәнді және майлы дақылдарды селекциялаумен, аудандастырумен, жаңа түрлерін шығарып, өндіріске енгізумен айналысуда.

Сұрыпталған бидайдың, майлы дақылдардың элиталық түрі облыста үлкен сұранысқа ие.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бұл серіктестік ауыл көшелерін жөндеуден өткізді. Тұрғындардың жекеменшік малын жаюға арнайы бақ-ташы бөлді. Тарханкадағы балалар мен жастардың спорттық-тренажерлік кешеніне жабдықтар алып, орнатып берді.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив