KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Астаналық «Ақ жауын» ұлт-аспаптар оркестрі Жармада өнер көрсетті

10.06.2013, 18:00 178


Жарма аудандық Мәдениет үйінде күйші-сазгер Секен Тұрысбековтың жетекшілік етуімен «Ақ жауын» ұлт-аспаптар оркестрінің концерті болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Астаналық өнерпаздар сахна шымылдығын Құрманғазының «Сарыарқа», «Төремұрат», Сейдолла Бәйтерековтың «Кішкентай» атты күйлерімен түрді. Оркестр музыканттарының қыл қобыз, аккордеон, домбыра, саз сырнай аспаптарында жеке орындаған халық күйлері мен Қазақстан композиторларының шығармаларын көрермендер зор ықыласпен тыңдап, қошемет көрсетті.

Астаналық «Ақ жауын» ұлт-аспаптар оркестрі Жармада өнер көрсеттіОркестрдің әншісі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Саринаның орындауындағы С. Тұрысбековтің «Қоңыр қаз», Б.Сыбановтың «Ақбұлақ» әндері мен Қалқаман Сариннің сөзіне жазылған Гүлмираның өзінің «Шығысым –шырайлы әнім» атты әні жармалықтардың көңілінен шықты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив