KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Курчатов қаласында жазғы балалар демалысының алғашқы маусымы ашылды

10.06.2013, 18:00 211


10-маусымда Курчатов қаласының «Жағалау» демалыс базасында балалардың емделуі және демалуының бірінші маусымы ашылды. Демалыс базасының барлық үйлерін, су құбырын, жағажайлардағы демалыс орындарын «Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде қала кәсіпорындары мен мекемелері дайындады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Демалушылардың алғашқы тобын оларға қызықты бағдарламалар әзірлеген тәжірибелі педагогтар бастап барды. Демалыс кезінде балалар алау жанында ән шырқап, спорттық ойындарға , көңілді шығармашылық байқауларға қатысатын болады. Маусым барысында демалыс базасына қалалық мәдениет үйінің, достық үйінің, жастар бастамашылығы орталығының әртістері келіп, концерттер мен би кештерін ұйымдастырып, балғындардың көңілін көтермек.

Курчатов қаласында жазғы балалар демалысының алғашқы маусымы ашылды"Курчатов қаласында оқушылардың жазғы уақытын ойдағыдай өткізуі үшін жазғы ойын алаңдары жұмыс істей бастады, аула командалары арасында футбол, волейбол сияқты спорт түрлерінен жарыстар өткізу жоспарланған. Біз жеткіншектерге деп әзірленген бағдарламалардың ұнайтындығына сенімдіміз, олар өз демалыстарын тиімді өткізетін болады" деді қала әкімінің баспасөз қызметінде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив