KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Курчатовтың кішкене қонақтары сыйлыққа теледидар алды

30.03.2013, 18:00 215


Шүлбі кентіндегі облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері мен педагогтары «Мейірім» акциясы аясында Курчатов қаласының қонағы болып қайтты. Аталмыш балалар үйінің тәрбиеленушілерін Курчатов қаласы өз қамқорлығына алған болатын, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында тілшімізге қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінде хабарлады.

Бағдарлама барысында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен олардың курчатовтық құрбылары № 1 жалпы білім беретін мектеп пен балалар және жасөспірімдердің шығармашылық үйінің қызметкерлері ұйымдастырған спорттық–ойындарға қатысты.

Кішкене қонақтарға қала әкімінің орынбасары Елена Старенкова жылы лебізін білдірді. Жас әртістердің орындауында жақсылық, достық және махаббат туралы әндер шырқалды. Қала тұрғындары болса балалар үйінің акт залына заманауи үлкен теледидар сыйлады.

Келесі күні балалар Ұлттық ядролық орталығының мұражайында саяхат жасады, одан кейін қонақтар П.Е.Надеевтің наубайханасында нан пісіру үдерісін басынан аяғына дейін тамашалап, пештен жаңа шыққан ыстық наннан дәм татты.

Тәрбиеленушілерге қала және оның қонақжай тұрғындары қатты ұнады. Жазда «Берег» демалыс базасында балалардың демалысы жоспарлануда.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив