KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 6 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Қарауылдағы жылыжайда 25 мың түп гүл өседі

3.06.2013, 18:00 184


ШҚО Абай ауданының орталығы Қарауылда елді мекендерді көгалдандыру мақсатында гүл өсіретін жылыжай бар. Мұнда барлығы 25 мың түп гүл өсіріледі.

Агроинженер Талғат Нұртазиннің айтуынша, жылыжайда 15 мың түп біржылдық шырайгүл өсіріліп жатыр. Одан басқа шырмауық, балдыргүл, көпжылдық голландық канна, декорациялық мақсатта үш метрлік пальма, құрма өсімдіктері де бар.

Жылыжайға жылу қазандықтан беріледі. Ал төбесіндегі әйнектер ескі аурухананың бұзылған терезелерінен құралған. Қыстыгүні жылыжай температурасы +23 градусқа көтеріледі.

Гүлдердің тұқымы мен топырағына, өсіру жұмыстарына барлығы 1 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалды.

Ал гүлді сатып алса, 7-8 млн. теңге жұмсалады екен. Бұл ауданның бюджетін үнемдеуге үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив