KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру

9.04.2012, 18:00 266


Ауданның елді мекендерін көріктендіру және лайықты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын қамтамасыз ету мақсатында 1 сәуірден 1 маусым аралағында Ұлан ауданында екі айлық жарияланды.

Елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінде аудандық штаб құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бектілген іс-шараларға байланысты ауданда 148 шақырым көшелер мен жолдарды, 13 бақтар мен скверлердің, 17 көппәтерлі тұрғын үйлердің, 57 оқу және мәдениет объектілерінің аумақтарын және 29 ескерткіштердің маңайындағы аумақтарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Елді мекендерден 3500 тонна қоқыс шығару, 15 рұқсат етілмеген қалдық тасталған жерлер жою және 4000 дана ағаштар мен көшеттер отырғызу, 500 ш.м. гүлзарлар жасау көзделеген.

Әр аптаның бейсенбі күні «Тазалық күні» деп жарияланды, және де 21, 29 сәуірде ауданда сенбіліктер өткізу жоспарланып отыр.
7 сәуірде болған сенбілікке барлығы 3950 адам қатысты, оның ішінде 72 адам -- жұмыссыздар есебінде тұрған адамдар. Сенбіліктерге ауданның бюджеттік ұйымдары мен мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпорындардың жұмысшалары, мектеп оқушылары мен Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері түгелдей қатысты. Елді мекендерде тұрғындардан 3446 адамдар қатысып, өз үйлердің маңайындағы аумақтарды тазалаудан өткізді.

2012 жылы ауданның елді мекендерін санитарлық тазалау, көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 11671,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив