1 қаңтардан бастап жол полициясы сақтандыру құжатын сұрамайды
Енді жүргізушілер көліктің сақтандыру құжатын алып жүруге міндетті емес. Полицейлер көліктің тіркеліп-тіркелмегенін базадан қарайды. Ал сол сәтте интернетке кірудің мүмкіндігі болмаса, тәртіп сақшылары орталыққа телефон шалады. Бастысы, жүргізушіден сақтандыру құжатының қағаз нұсқасын талап етуіне болмайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл өзгеріс жол ережесіне еніп қойды. Заңды түрде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылады.
Жол қозағлысы ережесіне сәйкес, жүргізушілер мына құжаттарды өзімен алып жүруге және iшкi iстер органдарының өкіліне, яғни полицейге тексеруге беруге міндетті:
– көлiкті жүргiзу куәлiгi (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат);
– көлiк құралдарына тiркеу құжаттары;
– көлiкті иесi жоқта жүргізу үшін пайдалануға құқығы барын растайтын құжат;
– мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткендігі туралы құжат;
– белгiленген жағдайларда жол қағазы мен таситын жүкке құжаттар.
Ескерте кетейік, бұл заңға қайтадан өзгерістер еніп жатып