18 мамырда Өскемен қалалық орталық кітапханасында гүлдердің қорытынды көрмесі ұсынылады. Одан кейін гүлдер базары тек күзде өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Клубтың төрайымы Вера Плеханованың айтуынша, «Сенполия» фиалка гүлдерінің клубы жаз айларында өз жұмысын тоқтатады. Көрмеде қалалықтар фиалка гүлдерінен басқа да әсем жапырақты гүлдерді тамашалай алады. Оннан астам қатысушы өздерінің жасыл желектерін қөрермендердің талқысына салмақшы.
Гүлге құмар өскемендіктер әдемі өсімдіктерге сүйсініп қана қоймай, өздеріне ұнаған түрлерінің өскіндерін арзан бағамен сатып алу мүмкіндігі беріледі.