KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Көрме тақырыбы -гүлдер мерекесі

8.09.2013, 18:00 139


Шемонайха аудандық Достық үйінде тілдер айлығы аясында «Бүгін гүлдер туралы айтамыз» атты суреттер байқауы жарияланды. Ол кәрістердің ең сүйікті және ежелгі мерекесі - «Хризантема мерекесі» қарсаңында өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Байқауға өнер мектебінің оқушылары қатысты. Алдымен Достық үйінің залы күзгі тірі гүлдер шоғымен безендірілді. Содан кейін жас суретшілер өздеріне ұнаған сарыгүлдер, қызғалдақтар, сирень, пиондардан гүлшоғын бейнеледі. Жасөспірім суретшілер сурет салып қана қоймай, гүлдерге украин, армян, қазақ және басқа тілдерде ат қойды.

Соңынан жас қылқалам шаберлерінің жұмыстарынан тамаша көрме ұйымдастырылды.

Кеш соңында әрбір қатысушы Шемонайха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің грамоталары және сувенирлерімен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив