KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 5 м/с, С
479.23 534.96 5.16

«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шығыс Қазақстан облысына келіп қайтты

29.04.2013, 18:00 192


«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шығыс Қазақстан облысына келіп қайтты.

Өскемендегі іссапары барысынба Байбек мырза «Аймақты тұрақты экономикалық дамуын қалыптастырудағы әйелдер бастамасы» көрмесін тамашалады. 25-тен астам жоба ұсынылған екен. Арасында тұрғындарды жұмыспен қамту, тездетілген индустриалды инновациялық даму бағдарламалары, шағын және орта бизнесті дамыту, әлеуметтік-мәдени бойынша жобалар бар.

Көрме «Әйел басқаратын үздік ұйым» атты партия жобасының аясында ұйымдастырылған. Жоба мақсаты – әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, қазіргі заманға сай белсенді, іскер әйелдің оңды бейнесін насихаттау.

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халықтың қуаты – бірлікте» аймақтық фестиваліне қатысты.

Өскемендегі іссапар Шығыс Қазақстан облысындағы партия активімен кездесумен тәмамдалды. Кездесу барысында партияның басты мақсаттарына көңіл бөлініп, әсіресе аймақтар әрекетін күшейту туралы баса айтылды.

Сапар барысы Семей қаласында жалғасын таппақ. Ол жақта Байбек мырза көпсалалы аурухана құрылысымен танысып, облыстағы денсаулық сақтау мәселелері туралы айтады. Сондай-ақ, Жидебайдағы Абай мұражайына ат басын тіремек.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив