KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 4 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев «Нұр Отан» ХДП-ның жоғары наградасымен марапатталды

3.03.2013, 18:00 152


«Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев «Нұр Отан» ХДП-ның жоғары наградасымен марапатталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс әкіміне «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін «Нұр Отан» ХДП-ның Астанадағы орталық аппаратында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Бәйбектің өзі салтанатты түрде табыс етті.

– Біздің партияның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалына жоғары деңгейде басшылық жасағаны үшін «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан және политбюроның шешімі бойынша Бердібек Сапарбаевқа партияның жоғары «Белсенді қызметі үшін» наградасын тапсыруға рұқсат етіңіздер, – деді Бауыржан Бәйбек.

Ол өзінің құттықтау сөзінде «мемлекеттің басты құндылығы – өзінің туған жері мен елі үшін бар күш-жігерін аямай қызмет ететін адамдар екенін» де ерекше атап өтті.

Жоғары награда «Нұр Отан» ХДП-ның құрылған күніне орай тапсырылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив